Мақсаты:
- Мектеп ауласымен танысады;
- Ауладағы ағаштар мен гүлдерге қамқорлық көрсету,күту,аялау туралы біледі;
- Мектеп ауласынан мұғалімнің рұсатынсыз шығып кетуге болмайтынын меңгереді;
Оқушылармен мектеп ауласына шығып саяхат жасадық.Біздің гүлзарлар түрлі-түсті және хош иісті, жағымды эмоциялар мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Мұндағы әрбір оқушының үзілісте демалуға, әдемі орындықтарда отыруға, ойнауға, жүгіруге немесе жай ғана айналадағы табиғатты тамашалауға болатын сүйікті бұрышы бар.Оқушыларға мектеп ауласы ұнап,керемет әсер алып қайтты.